Алматыда қаланың ішінде жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматылықтар санитарлық нормаларды сақтап, қала ішінде жүре алады», - деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, велосипедпен де жүруге рұқсат етілді.

Өз кезегінде, полиция тұрғындарды 3 адамнан көп жиналмауға шақырды.

Еске салайық, бүгін карантиндік режимнің жеңілдеуіне және көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл (фильтрация) посттарын алып тастады.


Соңғы жаңалықтар