Алматыда қақтығыс кезінде полицейлердің соққыға жығылған сәті түсірілген видео жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қақтығыс кезінде полицейлердің соққыға жығылған сәті түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, видеожиынтық 4-5 қаңтар аралығындағы бейнебақылау жүйелерінің деректері мен әлеуметтік желілердегі материалдардан дайындалды.

Еске сала кетейік, жүздеген агрессивті адамдар тәртіпсіздіктерді, тонауды және басқа да заңсыз әрекеттерді басу кезінде полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан.

Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына қарулы шабуылдарды тойтару кезінде Алматы полициясының үш қызметкері қаза тапты, тағы 185 тәртіп сақшысы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Қаңтардың 5-і күні Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Ален Асылханов пен Ринат Қамбетов жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.

Тағы бір тәртіп сақшысы Нұрболсын Алмасов стратегиялық маңызы бар нысандардың бірін қорғау кезінде мерт болды.

Әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғаудағы ерліктері үшін бұл полиция қызметкерлері ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар