+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматыда IТ саласы мамандарына тегін оқытатын бағдарлама басталады

2021 жылғы 14 шілде 20:24
Бөлісіңіз:
Алматыда  IТ саласы мамандарына тегін оқытатын бағдарлама басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде IТ саласында жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тікелей эфир барысында, Техникалық жоғары оқу орнының 4 курс студенті Бақытжан Сағынтаевтан тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрады.

Қала әкімі тегін оқыту бағдарламасының басталатынын мәлім етті.

«Әрі қарайғы қолдау шараларына келетін болсақ, Сіз дер кезінде сұрақ қойдыңыз. Ертеңнен, 15 шілдеден бастап, біз Home Credit Bank-інде жас IТ мамандарына арналған авторлық оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламасы негізінде пилоттық жобаны бастаймыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Home Credit University бірге әрбір талантты адамға жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беріледі. Курс аясында «Бизнес аналитика» бағытында ORACLE (PL SQL), Power BI дерекқорларын және басқа да сұранысқа ие тетіктерді пайдалануға болады.

«Тестілеу кезеңі – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен 15 тамызына дейін. Оқу форматы – онлайн. Бағдарламаға экономикалық және техникалық мамандықтардың 3-4 курсының студенттері қатыса алады. Қатысу үшін Бірыңғай коммуникациялық кеңістіктің (https://ekp.digital-almaty.kz/) сайтында анкета толтыру керек; онлайн тестілеуден өтуге және оқуды бастауға болады»,-деді әкім.

Бірнеше жыл ішінде IТ таланттарын тартуға арналған экожүйе құру жоспарлануда, бұл қала деңгейінде білікті және бейімделген мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бизнестің тікелей коммуникациясы және білім беру кластері есебінен кадрлық ресурсты арттыру міндеті шешілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT