Алматыда инфекциялық ауруларды емдейтін мекемелердің жүктемесі 85 пайызға жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда инфекциялық ауруларды емдейтін мекемелердің жүктемесі 85 пайызға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарларына күнделікті 100-ден астам адам келіп түседі. Инфекциялық ауруларды емдейтін мұндай мекемелердің жүктемесі 85% құрайды. Міндет - 1 қыркүйекке дейін жұқпалы және уақытша ауруханалардағы орынды 6 мың төсекке дейін арттыру», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингіде.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны – 6 202. Жұқпалы емдеу мекемесінде – 1 772 адам, провизорлық ауруханаларда 1 215 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар