Алматыда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 31 жастағы жігіт бөгде адамның мүлкіне бірнеше рет қол сұққан.

«Бірнеше рет мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұл адамға халықаралық іздеу жарияланды. Көбінесе офистерге түн ішінде пластик терезелерді бұзу арқылы кіріп отырған. Ақша, телефон, планшет, ноутбук, тағы басқа заттарды алып кетіп отырған. Тек қана біздің аудан бойынша 6 қылмыстық оқиғаға қатысы бары анықталды», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Полиция бұл адамның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-48-00, 254-48-01 және 254-48-02 телефондарына хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар