Алматыда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шара өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Апельсин» демалыс орталығында аналар мен әжелер үшін «Подснежники для мам!» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің мерекенің басты мақсаты - балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өзара сыйластық атмосферасын қалыптастыру. Балаларды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен таныстыру, балалардың шығармашылығын, сөйлеу мәдениетін, көркемдік орындаушылық шеберліктерін дамыту болып табылады. Іс-шараға 20 адам қатысты. Сондай-ақ, біздің мерекеге балаларымыз өздерінің сүйікті кітаптарын оқуға баратын №30 орталықтандырылған кітапханадан қонақтар қатысты»,- дейді «Апельсин» демалыс орталығының меңгерушісі Людмила Колесникова.

Мерекелік кештің барысында балалар әсем әндер айтып, би билеп, сахналандырылған «Подснежник» қойылымын, қуыршақ театрының «Анама сыйлық» ертегісін, 8 наурыз мерекесіне арналған флешмоб ұйымдастырды.

Балалар өз қолдарынан шыққан өнер туындыларын ана, әжелеріне сыйға тартты. Атап айтқанда, кіші топтың балалары «Хэнд Мэй» үйірмесінде жасалған моншақпен безендірілген қар бүршіктерін, ал үлкен топтың балалары «Валяния» техникасымен жүннен дайындалған керемет аюларды сыйлады.

Қуаныштары қойнына сыймаған аналар өз қуаныштарымен бөлісті.

«Мерекелік кеш маған өте ұнады. Барлық балалар үлкен дайындықпен келген. Сахнада да өз рөлдерін жақсы ойнап шықты. Әдемі би билеп, өлеңдер оқыды. Өте қызықты өткен кешті ұйымдастырғаны үшін орталықтың меңгерушісі Людмила Петровна мен кешке қатысқан барлық балаларға шексіз алғысымды айтамын», - деді Малышева Анастасия.

«Мен осы кешке қатысқаныма өте қуаныштымын. Кеш мерекелік көңіл-күйде, жақсы өтті. Балалардыңқуанышында шек жоқ. Аналар мен апалар да қуанышты. Балалардың өз қолдарынан шыққан сыйлықтары да керемет», - деді аналардың бірі Әсел Қалиева.


Соңғы жаңалықтар