Алматыда Halyk Arena госпиталі уақытша жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықтың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы телеарнасында өткен тікелей эфир арқылы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Halyk Arena спорт кешенін қайта жабдықтағанымызды білесіздер. Ғимарат ішіне 1 000 жуық төсек жайғастырдық. Алайда, біз кешенді ашпай қоя тұрамыз. Егер емханаларда орын жетпеген жағдайда осы жерде қабылдайтын боламыз. Стационардың қызметкерлері қажетті дайындықтан өтті, дәрі дәрмекпен қамтылды», - деді Б.Сағынтаев.

Мұның алдында спорт кешені инфекциялық стационар болуға қалай дайындалып жатқанын жазған болатын едік.

Соңғы жаңалықтар