Алматыда фристайлдан Әлем кубогы кезеңдеріне волонтерлер тартылады
28 ақпанда - Mountain Ski Resort Oi-Qaragai Lesnaya Skazka курортында фристайлдың шаңғы акробатикасы түрі бойынша, ал 1 наурызда «Шымбұлақ» тау курортында могулдан сайыстар басталады.
«Биыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Бізде Алматыдағы 9-10 жоғары оқу орындарынан волонтерлер жиналады. Осы жастардың жартысы былтыр Шымбұлақта өткен фристайл-могулдан сайыста волонтер болған. Жастардың барлығы тестілеуден өтті. Біз ең белсенді деген 70 энтузиасты таңдап алдық. Олардың барлығы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілді. Нысандармен толық танысты. Қазір қонақүйлерде, кездесулерде белсенді жұмыс жасап жатыр», - деді Асқар Уәлиев.
Бұдан бұрын қауымдастық өкілі коронвирустың таралуына байланысты спортшыларды шақыруда қандай талап қойылғанын айтқан еді.