Алматыда ескі үйлердің орнына 183 пәтерлік үш кешен салынып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасын іске асырудың, абаттандырудың және әлеуметтік нысандарды салу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысшылар поселкесі» елді мекенінде Райымбек даңғылы - Крылов - Казаков - Боткин - Гончаров - Скрябин көшелерінің қиылысында реновациялау бағдарламасы бойынша үйлер салынуда.

2020 жылы бұзылған 6 үйдің орнына жалпы алаңы 16 мың шаршы метр болатын 304 пәтерлі 4 үйдің құрылысы басталды.

Биыл тозығы жеткен екі үй сүріліп, жалпы алаңы 12,5 мың шаршы метр болатын 183 пәтерлік үш үйдің құрылысы басталды.

Сүрілетін каркас пен қамыстан салынған үш үйдің тұрғындары қала әкіміне қоныс аудару мәселесінің кешігіп жатқанын айтты.

Осыған орай Бақытжан Сағынтаев жаңарту бағдарламасының операторы «Алматы» ӘКК басшылығына тұрғындарға жобаның кезеңдері туралы уақтылы хабарлауды әрі олардың уақытша тұратын қоныстарын жедел шешуді тапсырды.

Мегаполис әкімі 150 қосымша орын ашуға мүмкіндік беретін №102 мектептің жаңа корпусының құрылыс қарқынымен танысты.

Алматы әкімі құрылыс-монтаж жұмыстарын тездетуді және нысанды 1 қыркүйекте ашуды жүктеді. «Құлагер» шағынауданында ауысымында 150 келушіге арналған заманауи ДСК кешенінің құрылысы жалғасуда.

Кешен спорт және тренажер залдарынан, екі бассейннен және күш жаттығулары залынан тұрады.

Қадамдық қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, қолданыстағы медициналық мекемелердің жүктемелерін азайту үшін емханаларды ашу үшін дайын ғимараттарды сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда.

Сидоркин, 14 және Омаров, 91 «а» көшелеріндегі ғимараттарды қарап шыққан қала әкімі Қоғамдық денсаулық басқармасына осы мәселені зерделеуді тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев Қазыбаев көшесі - Рысқұлов даңғылы - Тәтібеков көшесі - Райымбек даңғылы бойында салынып жатқан инженерлік желілердің құрылыс сапасын тексерді.

43 шықырымға жуық сумен жабдықтау желілері және 15 шақырым судан бұру жұмыстары аяқталып қалды. Орталық жүйеге 6 мыңнан астам абонент қосылады.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Жетісу ауданындағы абаттандырудың барысымен танысты, «Құлагер» шағынауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында салынып жатқан аралас көшедегі жаяу жүргіншілер аймағын қарап шықты.

Сонымен қатар, ол ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жасаудың, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен көше шамдарын орнатудың қажеттілігін атап өтті.

Сейфуллин даңғылындағы бұрын қараусыз қалған үйаралық аумақта «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша Workout құрылғысы орнатылып, жарық желісі тартылды, орындықтар қойылды.

Сондай-ақ қала әкімі «Құлагер» шағынауданындағы үйлердің қасбеттерін жөндеу және Жангелдин көшесі бойындағы арық желілерін реконструкциялау жұмыстарымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев «Көкмайса» шағынауданындағы Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысының басталуымен және Үлкен Алматы каналы бойындағы учаскені реконструкциялаумен танысты.

Жасыл экономика бсқармасына қалалықтардың пікірін ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді жөндеуді тапсырды.

Жаңа демалыс аймақтары жақын маңдағы «Көкмайса» және «Айнабұлақ» шағынауданы тұрғындарының серуендейтін орынына айналады.


Соңғы жаңалықтар