+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда ескі үй тұрғындарына жаңа баспана берілмек

2020 жылғы 18 мамыр 14:54
Бөлісіңіз:
Алматыда ескі үй тұрғындарына жаңа баспана берілмек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі ескі тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру туралы мәселені қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, бұл тұрғындардың баспанасын арнайы комиссия «ескірген» деген қорытынды шығарған.

Әкімдік қазір бір құрылыс компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл компания жақында Түрксіб ауданында Сейфуллин даңғылына жақын жерде тұрғын үйдің құрылысын бастайды.

Өткен ғасырдың ортасында салынған үйде тұрып жатқан тұрғындардың енді ауданы кеңірек жаңа баспана алуға мүмкіндігі бар.

«60-70 жыл бұрын салынған үйлердің шаршы метрі қазіргі нормаға сай келмейді. Ең кішкентай пәтерде тұрып жатқан тұрғындар 15 шаршы метрге артық баспана ала алады. Егер, тұрғындар бұдан үлкенірек баспана алғысы келсе, онда құрылыс компаниясымен келісуі керек», - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Әкімнің орынбасары Алатау ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 23 үйдің абаттандырылу процесімен танысты.

Айта кету керек, Қазақстанда спорт алаңқайларына құрал-жабдық шығаратын компаниялардың саны артып келеді. Осындай өндіріс орындарының бірі Алматыда орналасқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Тұрғын үй, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT