Алматыда есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні «Буран-183» патрульдік экипажы Сейфуллин мен Райымбек даңғылының қиылысында ұстады.

«1989 жылы туған А. есімді әйелдің іс-әрекеті инспекторларға күдікті болып көрінді, ол патруль көлігін көре салысымен қаша жөнелген. Себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары оны ұстады. Анықталғандай, әйел қылмыстық саудамен айналысқан және ұсталмас бұрын клиентпен алдын ала келісілген жерге есірткінің төрт бумасын қойып үлгерген. Сонымен қатар, тексеру кезінде тағы 10 бума табылды»,- деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар