Алматыда ерлі-зайыптылар пәтерде марихуана өсірген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ерлі-зайыптылар қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Алтай» ықшамауданындағы пәтерінде үй өсімдіктерімен қатар, қарасораның есірткі түрін де өсірген. ҚазАқпарат бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй иесінің айтуынша, ол марихуананы өзі тұтынуы үшін өсірген. Бірақ сараптама оның ағзасынан есірткіге сәйкес заттардың барын көрсетпеген. Алайда онымен бірге тұратын 52 жастағы әйелінен анықталған.

«Есірткі қолданғаны үшін оған ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, ер адамға қатысты үй иесі болғандықтан ҚР ҚК-нің 300-бабымен (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің үйінен тек құмырада өсетін сегіз қарасора табылды. Барлық заттай айғақтар тәркіленіп, тиісті сараптамаға тапсырылды. Екеуінде де тұрақты жұмысы жоқ. Әйел бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнаманы бұзудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ерлан Аянбаев.


Соңғы жаңалықтар