Алматыда еріген қар суы жолды басып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тау шатқалына апаратын жолды су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

5 мамыр 15 сағат 52 минутта Алматы төтенше жағдайлар департаментіне шұғыл хабарлама келіп түскен.

Медеу ауданындағы «Горельник» шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қар еруі салдарынан көлемі 5 текше метр су төгілген.

Осылайша бұру құбырының ластануынан (800 мм) жол төсемін су басып қалды.

Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ, ештеңе қирамаған.

«Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың арқасында бұру құбыры тазартылып, су өткізу қабілеті қалпына келді.

Оқиға орнында 16 қызметкер, 6 техника жұмыс істеді.

Апат салдарын жою ісіне Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Алматы Су» АҚ, Алматы қаласы ПД қатысты.



Соңғы жаңалықтар