Алматыда ер адам травматикалық тапаншадан жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда екі ер адам арасында жанжал шығып, олардың біреуі травматикалық тапаншадан жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, екі бейтаныс адам арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам травматикалық тапаншадан атылған оқтан жарақаттанды. Ол медицина мекемесіне жеткізілді.

Оқиға болған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алды. 1987 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 293-бабының (Бұзақылық) үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар