+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматыда  ең үздік жас тарихшылар анықталды

2019 жылғы 16 қазан 14:19
Бөлісіңіз:
Алматыда  ең үздік жас тарихшылар анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Менің кіші Отаным» тақырыбында жас тарихшылардың қалалық зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысындағы ең биік ескерткіш орнатылуда Ақтөбедегі «алтын адам» Сармат тайпасының көсемі болуы мүмкін Шулыған шыңы туралы аңыз зерттеуді қажет етеді

Сайысқа аудандық кезеңде жеңіп шыққан 9-сыныптың 4 оқушысынан тұратын 8 команда қатысты. Жарыстың I күнінде барлық қатысушылар Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы дайындаған тест тапсырмаларын орындады. ІI күнінде команданың әрбір мүшесі жеке номинация бойынша өз жобаларын қорғады.




Оқушылардың жұмысын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов бастаған профессор-оқытушыларынан тұратын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Барлық сайыскерлер жетекшілерімен бірге бір залда отырып, бірі-бірінің дайындаған жобаларымен танысып, қорғау барысын тыңдап, сұрақтар қойып, өзінің дайындығын салыстыра бағалауға мүмкіндік алды.

Бес сағатқа созылған жоба қорғау сайысының және тест тапсырмаларын орындаудың қорытындысында «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушысы Жанерке Мадалиева, «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша №175 гимназияның оқушысы Амина Есімжанова, «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша №12 мамандырылған гимназия оқушысы Қобыланды Нұрғалиев және «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша №62 гимназияның оқушысы Айгерім Әділет жеңімпаз атанып қараша айында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың қалалық зияткерлік сайысының мақсаты- жас ұрпақтың бойында өзінің кіші Отаны – туған ауылына, өскен өңіріне, Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін, тарихи танымдық қызығушылығын, қазақстандық патриотизм мен ұлттық даралық қасиетін қалыптастыру.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT