Алматыда «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесі өтті. Шараны Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елін сүйген Елбасы» диалог-әңгімесіне ҚХА Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ардагерлер, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері мен оқытушылары және жастар қатысты.

Шараның мақсаты - қазақстандық қоғамда Ұлт Көшбасшысының қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ауқымды тарихи рөлін одан әрі нығайту, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жетістіктерін мойындау, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастар арасында азаматтық, патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың пікірінше, Қазақстанның тәуелсіздік тарихы – Елбасының атымен тығыз байланысты. Ол жаңа Қазақстанның негізін қалаушы. Елбасының арқасында еліміз қысқа мерзім ішінде қөптеген маңызды жетістіктерге жетті.

«Мықты экономика, әлеуметтік мемлекет, тұрақты саяси жүйе, ұлтаралық келісім, сыртқы аренадағы Қазақстанның жоғары беделі – осының бәрі Елбасының тікелей бастамасымен атқарылған жұмыстың нәтижесі. Бұның бәрі Қазақстанның жарқын болашаққа қадам жасауға негіз болып табылады. Ассамблея құрылған күннен бастап Қазақстандағы мызғымас бірліктің ұйытқысы болып келеді. Елбасы айтқандай, бүгінде Ассамблея еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі саналады»,- деді Жансейіт Түймебаев.

Шара барысында, қонақтар мен қатысушылар «Елбасы және Қазақстан жастары» атты деректі фильмін тамашалап, «Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы» кітап көрмесін тамашалады.

Соңғы жаңалықтар