+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Алматыда электрокарларды тіркеу сервисі ашылды

2020 жылғы 28 қазан 12:16
Бөлісіңіз:
Алматыда электрокарларды тіркеу сервисі ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Жасыл экономика басқармасы «Медеу» мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына кедергісіз жету үшін тоқпен жүретін көліктерді тіркеу бойынша электронды онлайн сервисті ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-ның үш ауданында шаңды дауыл соқты БҚО-ның Қазталов ауданында жаңа су қоймасы салынады Орал киіктерінің өрістеуін шешу жұмыс тобы шұғыл іске кірісуі керек - Экология министрі

Бұған дейін электрокарлардың иелері бұрын Медеу паркінің офисіне барып өтініш жазуы керек болған.

«Жаңа сервисте жай ғана форманы толтырса болады. Кешке дейін көлік электронды мәліметтер базасында тұрады. «Медеу» мұз айдынындағы шлагбауым автоматты түрде көліктерді өткізетін болады. Онлайн өтінімді www.almatyeco.gov.kz сайтында қалдыруға болады», - деді Жасыл экономика және қоғамдық үгіт насихат қызметінің басшысы А. Райымбаев.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап Шымбұлақ тау шаңғысы курорты аймағына көліктердің кіруіне тыйым салынған болатын.

Ал электр тогымен жүретін көліктерге тау бөктеріне кіруіне рұқсат берілген.

Ол үшін тау шаңғысы курортында қажетті инфрақұрылым қалыптастырылған. Медеу мұз айдыны территориясында - 4 зарядтау стансасы, ал «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында 3 зарядтау стансасы бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT