+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматыда екі бойжеткен коронавирустан емделді

2020 жылғы 6 сәуір 09:52
Бөлісіңіз:
Алматыда екі бойжеткен коронавирустан емделді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 2 бойжеткен коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 44-ке жетті. Ал соңғы мәлімет бойынша елімізде 584 жағдай тіркелген.

Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді. Ауруға шалдыққандармен байланыста болған алты адамнан вирус анықталған.

Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.

79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр.

Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі пациент үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Бүгінде Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар. Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр.

Қазіргі кезде уақытша орталықтарда 521 адам бар, соның ішінде 79-ы – бала.

Екі күндік карантинде 390 азамат (48 бала), ал үй жағдайындағы карантинде – 4 805 адам жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT