Алматыда діни бірлестіктер кеңесі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен әкімдіктің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес құрамына жетекші конфессиялардың жетекшілері, дінтанушылар кіреді.

Кеңестің негізгі мақсаты – діни сенімдерге қатысты ұсыныс пен ұсынымдар әзірлеу, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру.

Маңызды міндеттердің бірі – конфликт аймақтарын анықтау және ішкі әрі конфессиялар арасындағы тікетіреске жол бермеу.

Кездесу барысында екінші жартыжылдықтағы конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жұмыс жоспары қаралды, оның ішінде жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін рухани келісім күні.

Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар діни ахуал туралы өз пікірлерімен бөлісіп, қаладағы конфессиялар арасында рухани бауырластықты нығайту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кеңес төрағасы, әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылатындығын атап өтті.

Алматыда 100-ден астам түрлі этнос өкілдері, сондай-ақ елдегі 18 конфессияның 17-сі тұрады.

Бүгінгі күні қалада 184 жергілікті діни бірлестік бар, 115 ғибадат орны жұмыс істейді.

1991 жылдан бастап Алматыда діни бірлестіктердің саны 12 есе өсті.

3 жаңа мешіт пен бір ғибадатхананың құрылысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар