Алматыда демалыс күндері көшелерді жабу жобасы тоқтатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматының орталық көшелерін демалыс күндері жаяу жүргіншілер жолына айналдыру жобасы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенбі, жексенбі күндері кей көшелерді көлік қозғалысы үшін жабу жобасын іске асыру карантин шектеулеріне байланысты тоқтатылды», - деп хабарлады жасыл экономика басқармасынан.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилотты жобаның қолға алынатынын хабарлаған болатын.

Бірінші кезеңде Қабанбай батыр — Гоголь — Назарбаев — Абылай хан даңғылындағы шаршы аймақ ұсынылған еді.


Соңғы жаңалықтар