Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат— Алматыда 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді, яғни автобустар мен метро жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты 13,14 наурызда қоғамдық көліктер жүрмейді. Мұндағы мақсатымыз - індеттің алдын алу және таралып кетуін болдырмау. Ал дүйсенбі, 15 наурызда сағат 6:00- ден бастап қоғамдық көліктер өз жұмысына кіріседі»,- деді қалалық жұмылдыру басқармасы.

Алматы «қызыл» аймаққа енді. Қалада карантиндік шаралар күшейтілді.

Айта кету керек, 10 наурызда Алматы қаласы коронавирус бойынша қызыл аймаққа енген болатын. Қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды. Оған сәйкес демалыс күндері, яғни, сенбі және жексенбі күндері қалада спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, сондай-ақ, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынған.

Ашық базарларға (азық-түліктік, азық-түліктік емес) тек жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынды. Супермаркеттер мен гипермаркеттердің уақыты сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін шектелді.

Соңғы жаңалықтар