Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 11-12 шілде күндері қоғамдық көлік маршрутқа шықпайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты демалыс күндері, яғни 11-12 шілдеде қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады», - деп хабарлады Алматы қаласының көлік холдингінен.

Дүйсенбі, 13 шілде күні автобустар жұмысы қайта жанданады.

Айта кетейік, шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа қысқарды. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жүреді.

Еске салайық, коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізілді.







Соңғы жаңалықтар