Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты кезең-кезеңімен демалыс күндері жәрмеңке өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңде Бостандық («Қазақфильм» шағынауданы), Әуезов (Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесі) және Алмалы (Гоголь – Масанчи көшесі) аудандарының ауыш шаруашылығы жәрмеңкелері қызметін қайта бастайды.

Олар өз жұмысын осы демалыста - 19-20 қыркүйек күндері бастайды.

Қалған жәрмеңкелерді қайта ашу мәселесі қосымша қаралады.

Барлық нысандар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауы тиіс. Халық маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтайды, жәрмеңкеде олар антисептикпен қамтамасыз етіліп, келушілер үшін термометрия жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар