21:16, 13 Шілде 2020 | GMT +6
Алматыда дәріханадағы дәрі тапшылығы бойынша қайда шағымдануға болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі дәріханада тапшылық болған жағдайда хабарласуға болатын нөмірлерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала дәріханаларында тапшылық немесе бағаның негізсіз көтерілуін байқаған жағдайда тұрғындар мына нөмірлерге хабарласып, шағымдана алады:
8-775-882-52-00, 8-775-882-53-92, 8-775-882-53-12, 8-775-882-54-16, 8-775-882-56-49.
Бұл нөмірлерге жеке және заңды тұлғалар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 09:00 бен 20:00 аралығында қоңырау шала алады.