+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Алматыда дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды

2020 жылғы 6 маусым 20:40
Бөлісіңіз:
Алматыда дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері шала туған сәбилерді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жетісайлық кәсіпкерлер ауруханаларға жасанды тыныс алу аппаратын алып беруде Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты шығарылатын болды Қызылордада қызметтік көліктер жедел жәрдем қызметін атқарады

1 мамырда 35 жастағы әйелге шұғыл түрде кесір тілігі жасалды.

Салмағы 1170 гр., 1475 гр және 1685 гр болатын үш қыз бала дүниеге келді.

Ота жүктіліктің 31-ші аптасында жасалды.

Балалар шала туғандықтан әлжуаз болған.

Сәбилер жансақтау бөлімінде 3 күн, одан кейін шала туған балаларды бағу бөлімінде 33 күн жатты.

«Бізде неонаталдық блокта мерзімінен ерте туған балаларды бағуға барлық жағдай жасалған. Оған қоса дәрігерлердің біліктілігін айту керек. Сәбилер аман болсын, жолдары ашық болсын!» - деді орталықтың бас дәрігері Ғани Бодықов.

Қазір балалар аналарымен бірге перзентханадан шықты.

Жыл басынан бері орталықта 101 егіз туған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT