Алматыда дәрігерлер өкпесі 96%-ға зақымданған әйелді аман алып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер өкпесі 96%-ға зақымданған әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына коронавирус инфекциясының ауыр түрімен, екі жақты пневмониямен 56 жастағы әйел түсті.

Өкпені компьютер томографиясына түсіргенде екі жақты 96%-ға полисегменттік зақымданғаны байқалды.

Оған қоса екінші дәрежелі артериялық гипертония асқынған.

Науқас дереу реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 10 күн бойы жансақтау бөлімінде науқастың өмірі үшін күресті.

Кейін, науқастың жағдайы жақсаруына байланысты бейінді бөлімге ауыстырылды.

«Қазір пациенттің жағдайы жақсы, арнайы тексерулерден кейін учаскелік дәрігердің бақылауында болады», - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Гүлнар Құлқаева.

«Дәрігерлерге, мейірбикелерге және санитар әйелдерге алғысым шексіз. Олардың маған жасаған бар еңбегі, өмірімді құтқарғаны, маған екінші өмір сыйлағаны үшін үлкен рахмет!», – деді науқас әйел.


Соңғы жаңалықтар