Алматыда дәрігерлер ер адамның кеңірдегінде тұрып қалған қыстырғышты шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жақында Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына екі ай бойы бронхында темір қысқыш жүрген науқас түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөгде зат бронхқа терең еніп, түйіршіктеніп, іріңдеген.

Сөйтіп абсорбциялық пневмония басталды. Науқас өкпенің бір бөлігінен айырылып қалуы мүмкін еді.

Бірақ Алматы ЖШККА дәрігерлері эндоскопиялық отаның көмегімен бөтен затты шығарып алды.

«Қыстырғыштың өлшемі 6 мм де 5 мм, едәуір үлкен. Эндотрахеальды түтік пен бронхоскоптың көмегімен біз қыстырғышты алып тастадық. Бұл жұмыс филигранды, отадан кейін асқынулар болмауы үшін тіндерді зақымдамау маңызды болды. Ең қиыны бөтен дене тереңдей кіріп, тіпті көрінбей кеткен», - деді ғылым докторы, аурухананың эндоскопия бөлімінің бронхологы Лариса Пюрова.

36 жыл осы салада еңбек етіп келе жатқан Лариса Пюрова – Қазақстанның үздік эндоскопистерінің бірі. Ол диссертациясының, кітаптары мен жазбаларының бір бөлігін осы проблемаға арнады. Дәрігер тәжірибесінде одан да ауыр жағдайлар болғанын айтты.

«Мен өз өмірімде үш жүзге жуық ота жасадым, тіпті алты айлық балаларға дейін. Бәрінен бұрын, мен жеті жасар баланың бронхынан өткен инъекциялық инені қалай алып тастағаным есімде. Мен инені бүгіп, оны бір сағаттан астам уақыттан соң шығардым. Біз бронхтар мен өкпеден дәрі-дәрмек, қалам, бұршақ, тіс протездерінен алынған бөлшектер, тұқымдар, жаңғақтар, тіпті қасықтың сабын шығардық, осының бәрімен науқастар тыныс алып келген»,- деді маман.

Қазір ЖШККА дәрігерлері құтқарған науқас үйіне шықты. Трахеобронхиалды тарамдарға бөгде зат енсе өмірге үлкен қауіп төндіреді немесе өкпеде созылмалы қабынуды тудырады. Бөгде заттардың бронхыға өтуіне адамдар немқұрайлы қарайды. Күтпеген жағдайда жылдам тыныс алу, қорқыныш, еркелік, құлау, тамақ ішу кезінде сөйлеу, күлу. Міне балалар көптеп зардап шегетін мұндай жағдайлардың алдын алу үшін дәрігерлер тамақтану кезінде ауыз қуысында бөтен заттарды табу үшін барынша мұқият болуға кеңес береді. Жатып алып тамақ ішуге болмайды, тамақтанған кезде асықпаңыз, күлмеңіз, кенеттен қимыл жасамаңыз, жөтелмеңіз. Алғашқы көмек ретінде жедел жәрдем келгенге дейін науқасты өзіңізге арқасымен тік күйінде еңкейтіп, кеудесін сәл ұрып, тұрып қалған затты жөтеліп шығаруына көмектесу керек. Кез келген жағдайда дәрігерді шақырудан тартынбаңыз«,- деді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар