Алматыда бойжеткенді күштеп алып қашқан оқиға пранк болып шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарт- Алматыда екі жігіт бойжеткенді күштеп, көлікке мінгізіп алып қашты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаменті арнайы тексеру жүргізіп, оның пранк екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады»,- деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.


«Мен, бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», – деді ол. «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азаматта анықталып әкімшілік жауапқа тартылды. «Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды»,- деп атап өтті ведомстводан.

Еске салайық, қыз алып қашқандардың видеосы кеше әлеуметтік желіде тарған болатын. Кейін тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты полицияға ешқандай арыз түспегенін айтты.


Соңғы жаңалықтар