Алматыда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бокстан 2003-2004 жылғы туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігін Қазақстан бокс федерациясы мен Алматы қалалық бокс федерациясы бірлесіп өткізуде. Қазақстан чемпионаты Республикалық спорт колледжінің ғимаратында өтеді.

Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша бапкерлер 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына команда жасақтайды. Жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді.


Соңғы жаңалықтар