Алматыда блок-бекеттер «Сергек» камераларымен бақыланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдайды бейнекамералардың көмегімен бақылап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин енгізіліп, ел ішінде төтенше жағдай жарияланғалы бері Полиция департаментінің қызметі мен бөлімшелерінің құрамы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшті.

«Қорғаныс министрлігінің мыңға жуық әскери қызметшілері карантин аймағында құрылған 27 бақылау-өткізу пункттерінде қызмет етеді. Сонымен қатар инфекция ошақтары мен медициналық мекемелерін қоршауға алу туралы шаралар қабылданды. 150-ге жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері тәулік бойы қызмет етеді. Әр постқа департаменттің орталық штабына шығатын «Сергек» камералары орнатылды. Ғаламтордағы трафик бақыланады, көліктердің келуі және кетуі, посттардың жанында заңсыз әрекеттер анықталады. Олар және дереу тоқтатылады», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, қаланың полиция басшысы карантин кезеңінде халықпен кері байланыс қалай құрылғанын айтты.

«Бұрын хабарланғандай, Алматыда карантин енгізілген уақыттан бастап полиция Департаментінде Cаll-орталық құрылды. Мақсаты – өткізу режиміне қатысты және заңдылықты сақтау туралы ең өзекті сұрақтарға жауап беру. Орташа алғанда, көп арналы нөмірге күніне 4 мың телефон қоңырауы түседі. Сонымен қатар, ПД Жедел басқару орталығына жұмыс күндері 2 мыңға дейін телефон қоңырауы түседі. «102» нөміріне телефон шалғандардың үштен бірі анықтамалық сипаттағы ақпаратты алады. Сервис операторлары екі ауысымдық режимде жұмыс істейді. Басқарма офицерлері барлық күш-жігерлерін жинап тәулік бойғы ауысымға шығады», – деді полковник Таймерденов.

Соңғы жаңалықтар