Алматыда бизнеске арзан несие әперемін деп жұртты алдаған әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полицейлер Алматыда 48 жастағы алаяқты ұстады. Ол қала тұрғындарына бизнесті жеңілдікпен несиелеуге уәде берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу арқылы төрт қылмыстық эпизод дәлелденді. Жалпы залалдар миллиондап есептеледі. Алаяқ әйел алдын ала ойластырылған жоспар бойынша әрекет еткен. Үлкен сомаға несие беру сылтауымен жәбірленушілерден қызметі үшін алдын ала сыйақы алып отырған. Бірақ, уәдесін орындамаған. Күдікті бұрын бірнеше мәрте сотталған», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полиция қызметкерлері алаяқтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер саны көп болуы мүмкін екенін айтты.

Осыған байланысты полиция алаяқты таныған азаматтар 8-708-707-92-02; 8-705-555-77-63; 8-775-719-27-27 телефондарына хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар