Алматыда бизнес шығынын 50 прокурор мен 88 сот-медициналық сарапшы анықтайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген шығынды анықтау үшін 50 прокурор мен 88 сот-медициналық сарапшы жіберілді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлерге айғақтарды анықтау үшін полицияға хабарласып, қылмыс іздеріне тиіспеуді сұрадық. Палатаның бастамасымен 50 прокурор және 88 тергеуші, криминалистер және 30 сот-медициналық сарапшы, оның ішінде келтірілген шығынды есептеу үшін қалаға 10 экономист бөлінді. Полиция зардап шеккен кәсіпкерлер жәбірленуші деп танылған қылмыстық істер бойынша сот-медициналық сараптама тағайындайды», - деді Айтуар Қошмамбетов.

Сонымен қатар, ол 13 қаңтардан Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының базасында кәсіпкерлерге арналған консультация орталығы құрылғанын айтты.

Аталған орталықта бүгінгі күнге дейін 200-ден астам кәсіпкерге кеңес берілді.


Соңғы жаңалықтар