Алматыда бірнеше қоғамдық көлік қозғалыс бағытын уақытша өзгертті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 және 2 мамырда қоғамдық көліктер Орталық мәдениет және демалыс саябағына бармайды. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомства мәліметінше, 1 және 2 мамырда Гоголь көшесінің бойымен батыстан және шығыс бағытта Ш. Қалдаяқов көшесінен саябақ аялдамасына дейінгі троллейбус маршруттарының қозғалысы өзгертіледі.

- № 25-маршрут Ш. Қалдаяқов көшесімен (солтүстік) - Жібек жолы (батыс) - Пушкин (оңтүстік) -Гоголь (шығыс) - Ш.Қалдаяқов көшесі (оңтүстік) деп келіп, одан әрі әдеттегі маршрут бойында қатынайды.

- №1 және № 12 маршруттар Гоголь (шығыс) - Ш.Қалдаяқов (солтүстік) - Жібек жолы (батыс) - Пушкин (оңтүстік) - Гоголь көшесімен (батыс) келіп, одан әрі маршрут бойымен қатынайды.

№ 13 автоус Ш. Қалдаяқов - Қазыбек би – Ғ.Қайырбеков – Гоголь көшесімен одан әрі қолданыстағы бағыт бойынша.

№ 16 Ш. Қалдаяқов – Қазбек би - Ғ.Қайырбеков - Гоголь көшесі

№ 118 Ш. Қалдаяқов – М. Мақатаев көшесімен жүреді, әрі қарай қолданыстағы схемаға бойынша.

Айта кетейік, бүгін Орталық саябақ жұмыс істемейді.


Соңғы жаңалықтар