Алматыда бірқатар құрылыс нысанының сапасы тексерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының қалалық құрылыс бақылау басқармасының басшылығы тұрғын үй кешендері мен инфрақұрылымдық нысандар құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Басқарма Наурызбай ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылысының барысымен, сондай-ақ Абай даңғылын тесу және Әшімов көшесі арқылы өтетін көпір салу жұмыстарымен танысты.

Жекелей алғанда, басқарма қызметкерлері, тапсырыс беруші, мердігер, авторлық және техникалық қадағалау өкілдері Шұғыла шағын ауданындағы «Alma City» аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын қарап шықты. Онда 42 үйдің 3-уі салынып жатқан болатын.

Бұдан бөлек «Тимус Construction» ЖШС тұрғын үй ауданы құрылысымен (20 үйдің 5-сі салынуда) танысып шықты.

Нысандарды аралап шыққаннан кейін құрылыс сапасын жақсарту бойынша нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.



Соңғы жаңалықтар