Алматыда бірқатар ғимарат жылусыз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алмалы ауданында жылу желісі істен шықты. Салдарынан бірқатар ғимарат жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылу мен ыстық судан ажыратылған Айманов– Жандосов-Розыбақиев-Солодовников көшелерінің бойындағы бірқатар тұрғын үй мен ғимараттарға жылу бүгін түнгі сағат 24:00-ге дейін беріледі. Қазір ақау шыққан желілер қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша жылу бөлу қондырғысында қысым реттегіш істен шыққан.

«Жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстарына «АлТС» ЖШС-нің 50 қызметкері мен 10 мамандандырылған техникасы жұмылдырылды.

Тұтынушыларға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жылудан уақытша ажырату тұрғын үйлер мен басқа нысандардың ішіндегі температура режиміне әсер етпейді»,– деп хабарлады «Алматы жылу желілері» АҚ баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар