Алматыда бір жылда 14 мың онкологиялық науқас стационарлық ем қабылдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір жылда 14 мыңнан астам онкологиялық науқас стационарлық ем қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласында онкологиялық науқастардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 1733-ке артты.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 14546 науқасты құраса, 2019 жылы 12813 пациент емделді.

2020 жылы қатерлі ісіктің ең көп таралған түрі – сүт безі, ішек пен асқазан қатерлі ісіктері.

«Алматы онкология орталығының хирургтары аптасына 45-55 ота жасайды. Мәселен, өткен жылы 2514 ота болды. Олардың ішінде кеуде қуысы, іш, онкоурология, бас және мойын ісіктеріне арналған оталар бар. Олардың 40% инвазивті, яғни лапароскопиялық жолмен жасалатын оталар», - дейді онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев.

Бүгінде алматылық мамандар ісікті жою оталарын жасап қана қоймай, анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жоюды жүзеге асырып жүр.

Мәселен, былтыр тілдің түбірінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған науқасқа ота үстелінде анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жоя отырып, күрделі ота жасалды.

«Оталау бинокулярлық оптика астында 7 сағатқа созылды. Көлемі 20 см болған ісікті дәрігерлер терімен бірге алып тастады. Ота сәтті өтіп, науқас қазіргі уақытта т сөйлеп, тамақ іше алады»,- дейді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар