Алматыда бір тәулікте 7 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 7 307 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 23 маусым күні 7 307 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 маусым аралығында қалада барлығы 393 529 адамға екпе салынды.

Вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер - 53 623.

Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

Медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді.

«Қала бойынша бірінші компоненттің 65 021 дозасы және екінші компоненттің 95 682 дозасы бар», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар