Алматыда бір тәулікте 570 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 9 мамырда 570 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның ішінде 467 оқиға симптоммен, 103-і – симптомсыз. 250 мыңнан астам адамға вакцина егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының дерегінше, 157 адам жазылып, 225 адам ауруханаға түскен. Нәтижесінде жұқпалы ауру стационарында (6 060 орын) 3 513 адам (108 бала) ем алуда. Жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінде барлығы 222 адам жатыр. ӨЖЖА-да 29 адам, инвазиялық ӨЖЖА-да 68 науқас, High flow-да – 96 адам.

Амбулаторлық бақылауда 4 480, симптоммен – 3 889 жеңіл және орта дәрежедегі, симптомсыз 591 науқас жатыр.

Өткен тәулікте қалада 1 554 адам вакцина алды. Барлығы қала бойынша 1 ақпан мен 9 мамыр аралығында 250 659 адам екпе алған. Қазіргі кезде 1 282 адам жұмыс істейтін 315 екпе бригадасы жұмылдырылған 214 пункт қызмет көрсетуде.

Бүгінгі күні Қазақстанда 1 600 000-нан аса адамға вакцина егілді.


Соңғы жаңалықтар