+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:18
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 5685 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл мәселелері таразыланды Вакцина салдырған студенттер iPhone және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуда Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады

«23 қыркүйек күні 5685 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 287, II компонентін 3 398 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 қыркүйек аралығында қалада 938 222 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 834 493 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 171 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT