Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3446 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қараша күні 3446 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1941, II компонентін – 1505 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 қарашасы аралығында қалада 1 018 027 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 971 355 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 894 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық саулық басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар