Алматыда бір тәулік ішінде коронавирустың 25 ошағы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустың 25 ошағы тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгін Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар.

Атап айтқанда, Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- да орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ: Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5 мекенжайы бар.

Жетісу ауданында 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51 мекенжайларында тіркелді.

Түрксіб ауданында 7 ошақ: Алтай-1 ықшамауданы, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63; Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де орналасқан.

Бостандық ауданында 1 ошақ: Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында орналасқан.

Нарызбай ауданында бүгін жаңа ошақ тіркелді. Ол -Ақжар ауылы, Береке көшесі, 1/97.

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестерімен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету.

Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар