Алматыда басқарма басшыларының бірі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінде растады.

Бұл деректің мән-жайы жайлы ресми түсініктеме болған жоқ.

Кейбір БАҚ хабарлағандай, тергеу Алматыда салынған модульді аурухананың құрылысына бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты болуы мүмкін.

280 орындық инфекциялық аурухананы сәуірде BI Group компаниясы салып тапсырған болатын.

Құрылыс жұмыстарына 5,5 млрд теңге жұмсалды.


Соңғы жаңалықтар