Алматыда «барахолка» тағы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен түні Алматыдағы бараxолка тағы да өртенді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД-ге Алатау ауданы, Северное кольцо 36 көшесіндегі Кенжеxан базарынан өрт шыққаны туралы ақпарат 21 қыркүйек күні сағат 23:53-те келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер келген уақытта 15 шаршы метрдегі ұялы телефон жабдықтарының бір қабатты павильоны өртеніп жатқан. Жақын орналасқан контейнерлерге өрт жайылып кету қаупі төніп тұрды. Адамдардың бар немесе жоқтығы тексерілді», - деді ТЖД-да.

Базардағы өрт 10 минутта ауыздықталды.

«Қабылданған шараларға сәйкес, жалынның жақын орналасқан бутиктерге таралуының алды алынды. Өрт 00:09-да ауыздықталып, 00:22-де сөндірілді», - деп атап өтті ведомствода.

Еске салсақ, 6 қыркүйекте Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шығып, жалын 2200 шаршы метр аумақты шарпыған болатын.
Соңғы жаңалықтар