+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматыда балалар Іле Алатауы паркін өртеп жібере жаздады

2019 жылғы 8 қараша 13:22
Бөлісіңіз:
Алматыда балалар Іле Алатауы паркін өртеп жібере жаздады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жасөспірімдер Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген бөлімшесінде даланы өртемек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да қойма өртеніп, 45 тонна бидай жанып кетті Алматыда жанармай бекетіндегі өрт толық сөндірілді Алматыда жанармай бекеті өртеніп жатыр

«Іле Алатауы мемлекеттік мекемесі Түрген бөлімшесінің хабарлауынша, 27 қазанда Есік орман шаруашылығында 2 жерден өрт шыққан. Өрт 1,5 га аумақты шарпыды. Орманда біреулер қасақана от жаққаны анықталды», - делінген ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында.

Түрген бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы Е.Қыдыров оқиға орнында болған 5 адамды ұстады.

«Ұсталғандар Есік қаласының кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғындары болып шықты. Кейін күдіктілердің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне шақыртылды. Ата-аналар түсініктеме жазып, балаларының тауда от жаққанын растады», - деді ұлттық парк өкілдері.

фото: Диониси Мить
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT