Алматыда баладан коронавирустың үнді штамы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырудың екінші жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір бізде 1983 жылы туған әйел мен 2013 жылғы бала бар. Қапіпті вирус жұқтырғандар Саялы жұқпалы аурулар ауруханасында орналасты. Олармен байланыста болған адамдарға қатысты ақпарат әлі жоқ», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.

Еске сала кетейік, Алматыда үнді штамы табылған алғашқы жағдай жазған болатынбыз. Ол туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.


Авторы: Алпамыс Исраил


Соңғы жаңалықтар