Алматыда әйелін ұрып-соққан ер адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көршілері әйелін ұрып-соққан ер адамды видеоға түсіріп алды. Қалалық Полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысты түсінік білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео жазба Facebook-те пайда болды. Оқиға кеше түнде «Премьера» тұрғын үй кешенінде болған.

«Бүгін түнде Алматыдағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде көрші тұратын ер адам тыныштықты бұзып, әйелін ұрып-соқты, есік қаққандарға мән бермеді. Бұл бірінші рет болып отырған жайт емес»,– делінген жазбада.

Сонымен қатар, хабарламада бейнежазбаның есіктің қарағышынан түсірілгені айтылады.

«Бұл дерек бойынша көршілерінен түнде тыныштықты бұзуға қатысты шағым түсті. Оқиға орнында тексеріс барысында бірге тұратын жұптың спирттік ішімдік ішіп, арты дауға ұласқаны белгілі болды. Алайда жәбірленуші дене жарақатын салу бойынша шағым түсіруден бас тартты. Түнде тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.


Соңғы жаңалықтар