Алматыда әйелді қағып, мерт қылған полицей кінәсін толық мойындады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелді қағып, мерт қылған полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты.

«Бүгін сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім», - деді ол.

Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.

Бұған дейін бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелгені хабарланған еді. Іс Алматы Полиция департаментінің анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.


Соңғы жаңалықтар