+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда аялдама мен автобустарға видеокамералар орнату ұсынылды

2020 жылғы 22 мамыр 16:28
Бөлісіңіз:
Алматыда аялдама мен автобустарға видеокамералар орнату ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына видеокамералар орнатуды ұсынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстың 60% - ы ұрлық. Десекте, пәтер ұрлығы 46,4% -ға, автомобиль ұрлығы - 3,5 есеге, көлік салонын тонау - 2,4 есеге, бүйір айналарды ұрлау - 4,2 есеге азайды», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов брифинг барысында.

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлерінің 70% -ы ұрлықты ашуға жұмылдырылған. Ұрланған мүлікті сатып алушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Сонымен қатар, спикер ұрлықтың 25% -ы қоғамдық көліктерде немесе аялдамаларда жасалатындығын атап өтті.

«Қалада 2 мың аялдама пункті бар, онда бейнебақылау камералары жоқ. 1771 қоғамдық көлік бар. Олар да толықтай бейнебақылаумен жабдықталмаған», - дейді Қанат Таймерденов.

Ұрлықтың алдын алу және азайту маұсатында полиция әкімдікпен бірлесіп, аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отыр. Бұл қалта ұрыларын тез анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жалпы мегаполистегі қылмыс 44 % -ға төмендеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT