Алматыда автобустың артына жабысып алған ер адам видеоға түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы автобустың артына жабысып алып, жол жүрген алматылықты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Видео әлеуметтік желіде тараған болатын.

Бейнероликте ер адамның қоғамдық көліктің артына мінгесіп, алып бара жатқаны көрсетіледі.

Оның әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті. Біреулер тегін жүрудің айласы десе, басқалар бұл жүрістің қауіпті екенін айтады.

«Автобустың артына мінгескен жолаушы жол ережесін өрескел бұзған. Бұл адамның өзіне де тікелей қауіп төніп тұр. Басқа да жол қозғалысының қатысушыларына апатты жағдай тудырады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазір жергілікті полиция қызметі бұл дерекпен айналысып жатыр», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар