Алматыда автобустардың бағыты өзгертілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобустардың маршруттық қозғалысы өзгертіледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала дерек бойынша 15 наурыздан бастап, №66, 98 маршруттардың қозғалысы өзгертіледі. Олар енді Сәтбаев көшесінен Әуезов көшесіне дейін жүріп, қалалық №12 ауруханаға тоқтайтын болады. №95, 18, 121 маршруттарына қалалық ауруханадағы аялдаманы алып тастады», деді әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, 6 наурыздан бастап,«Медеуге» дейін баратын №12 маршрутының жүру кестесі ауысты.

Енді оның қозғалысы «Медеу» спорт кешенінен басталып, Достық даңғылы бойынан Абай даңғылына бұрылып, ары қарай Абылай хан даңғылына өтіп, «Алматы-2» теміржол бекетіне жететін болады.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы қоғамдық көлік паркі газбен жүретін жаңа автобустармен толыққаны жайлы айтылған болатын.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты алдағы демалыс күндері, яғни, 13 және 14 наурызда, қоғамдық көліктер мен метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар